BANNER

Астанада әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен

Фото: видео скрин

Астанада әлдекімдер жаңа LRT вагондарына бояумен сурет салып кеткен, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы станцияда тұрған LRT вагондарының суреттері жарияланды. Вагондардың сыртына граффити салынған.

City Transportation System (CTS) компаниясы аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, ақпаратты растады.

"Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Компания өкілдерінің айтуынша, вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталған, бұл қабат бояудың негізгі қабатына сіңуіне жол бермейді.

Қазір вагондардың сыртындағы граффитиді өшіру жұмыстары басталған.