BANNER

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Фото: видео скрин

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотты болғандардың жетеуі апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотталғандардың барлығы дерлік аппеляциялық шағым түсіргенін айтты. Құқық қорғаушының айтуынша, бірінші инстанцияның үкімі 21 маусымда күшіне енген. Сол күннен бастап сотталғандардың судьяның шешіміне шағымдануға 15 күн уақыты бар.

"Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді", – деді Шекеев.