BANNER

Белгілі театр және кино актері Қайрат Кемалов дүниеден өтті

Сурет: Facebook/Кайрат Кемалов

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" Кемалов Қайрат Кемалұлы өмірден өтті. 

Қайрат Кемалұлы Кемалов 1957 жылы 8 қаңтарда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген, драма театрының актері. 1978 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1980-1983 жылдары, 1985-1994 жылдары - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері. 1990-1995 жылдары - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1995 жылдың қыркүйек айынан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2001, 2002) құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мәдениет қайраткері (2006).

Қайрат Кемалов «Қазақ хандығы»: «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» 20 сериялы фильмдер циклындағы Керей хан бейнесі арқылы, сондай-ақ көптеген күрделі образдарды шебер сомдап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

"LIFE09" ақпарат агенттігі Қайрат Кемалұлының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Алла әулетіне сабыр берсін!