BANNER

Қарағанды облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Саян Мұратұлы тағайындалды.

Ол мемлекеттік қызметте 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Балқаш қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде абаттандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан 2024 жылға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2024 жылғы қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.