Алматыда жеке меншік үйлердің арасында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға бүгін түсте Наурызбай ауданында болған.
"Range Rover маркалы көліктің жүргізушісі Хигай көшесімен келе жатып, жолда жүрген баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 2013 жылы туған жеткіншек оқиға орнында көз жұмды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.