BANNER

"Туған күнінде өзіне сыйлық жасағысы келген"

Stan.kz

Астана маңында құлаған ұшақта үш баланың анасы болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Ол көптен бергі арманын орындап, туған күнінде өзіне сыйлық жасап, ұшақпен ұшпақ болған. Алайда 43 жастағы Диана Ахметова мен ұшақтың иесі Арман Мусин қаза тапты.

Марқұмның туыстарының сөзінше, 16 тамызда туған күнін атап өткен Диана келесі күні сағат 17:00-де ұшақпен ұшуға жазылған. Ұшар алдында аймақта жаңбыр жауа бастаған. Ол ұшуға рұқсат етпей қоя ма деп алаңдаған. Бірақ сол күні жаңбырға қарамастан сағат 17:00-де ұшақ Төңкеріс ауылының маңында әуеге көтерілген. Марқұм сағат 17:38-де көз жұмған. Ол байланысқа шықпаған соң балалары анасын іздей бастаған. Ресми ақпаратты полиция Диананың отбасына кеш жеткізген. Диананың артында үш баласы: 19 жастағы қызы және 12, 14 жастағы ұлдары қалды. Ал былтыр балалар әкесін жер қойнына тапсырған еді.