BANNER

Қарағандыда 1,5 жасар бала 22 магнит жұтып қойған

Фото: Google

Алайда ересектер мұны бірден білмеген,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бүлдіршіннің іші ауырып, дене қызуы көтерілген соң ғана дәрігерге жүгінген. Тексеріс барысында дәрігерлер баланың асқазанынан магниттер тапқан. Мәліметке сәйкес, бала қауіпті ойыншықтарды жұтып қойған. Сосын олар бір-біріне жабысып үлгерген.

Дәрігерлер ішкі ағзалардың жарылу қаупін ескеріп, балаға шұғыл түрде ота жасаған. Осылайша магниттер алынған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол реанимация бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылған.