Ілияс Храпунов Нью-Йорктің федералдық сотында сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Сондай-ақ Алматы қаласы мен "БТА Банкке" сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығындарды өтеп береді.
Ол бұған дейін қабылданған $221 мыңнан астам қарызын өтеумен қатар, өз активтері туралы тұрақты есеп беруге міндеттелді. Талаптарды орындамаса, қосымша қаржылық санкциялар салынады. Сонымен бірге, Алматы мен "БТА Банкке" келген шығынды өтеп беруге тиіс.
Айта кетейік, Виктор Храпунов сырттай 17 жылға, ал Лейла Храпунова 14 жылға сотталды. 2021 жылы олар Швейцариядан саяси баспана алды.