BANNER

World Boxing: Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сурет: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта хорватиялық қарсыласы Лука Пратльячичпен күш сынасты.

Үш раунд бойы қарсыласына еш мүмкіндік бермеген Айбек Оралбай төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құрама капитаны әлем чемпионатында кем дегенде қола медальді қанжығалайды.

Бүгін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Виктория Графеева (60 келі), Елдана Талипова (80 келіден жоғары) жартылай финалға шықса, Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Бибарыс Жексен (65 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі) жарыс жолын аяқтады.