BANNER

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары кімдер?

Сурет: pixabay.com

Қазақстандық сегіз боксшы Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing 2025 әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Отандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары мен жекпе-жек кестесін ұсынамыз (уақыты – Астана уақытымен):

12 қыркүйек

19:00. Әйелдер, 60 кг, жартылай финал – Виктория Графеева – Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

22:30. Әйелдер, 65 кг, жартылай финал – Аида Әбікеева – Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)

23:15. Әйелдер, +80 кг, жартылай финал – Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша)

01:15. Ерлер, +90 кг, жартылай финал – Айбек Оралбай – Хулио Сезар ла Крус (Куба)

13 қыркүйек

18:00. Ерлер, 55 кг, жартылай финал – Сабырхан Махмұд – Лю Чуан (Қытай)

22:15. Әйелдер, 51 кг, жартылай финал – Алуа Балқыбекова – Ци Синью (Қытай)

22:45. Ерлер, 70 кг, жартылай финал – Төрехан Сабырхан – Одель Камара (Англия)

23:15. Әйелдер, 70 кг, жартылай финал – Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия)

Айта кетейік, тағы екі қазақстандық боксшы ширек финалда жұдырықтасады. 12 қыркүйекте Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Тәшкенбай (50 кг) рингке шығады.