BANNER

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне өтті

Фото: google

Бүгіннен бастап елордада мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер және квазимемлекеттік сектор ұйымдары жаңартылған жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа тәртіпке сәйкес, коммуналдық қызмет пен әкімдік жұмыс күнін таңғы сағат 07:30-дан бастайды. Кей мемлекеттік органдар мен компаниялар да жұмысқа 07:30 бен 08:00 аралығында кіріседі. Осылайша олар жұмыс күнін ертерек аяқтайды.

Ал мектептер, медициналық мекемелер және халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы жұмыс режимінде қалады.

Жұмыс кестесін өзгертуге көшедегі кептеліс себеп. Жаңартылған кесте елорда жолдарындағы көлік қозғалысын 15–20 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.