Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тәртіпті сақтау, Әдеп кодексінің талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде заң талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі кездесетін әдеп бұзушылықтардың себеп-салдары айтылып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы мен рөлі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әдеп мәдениетін нығайтудың маңыздылығы жайлы да айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мемлекеттік қызметшілерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сурет: МҚІА