BANNER

Қарағанды симфониялық оркестрі жаңа маусымның шымылдығын түрмек

Gov.kz

Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі 43-ші концерттік маусымын ашқалы отыр. Өнер ұжымы тыңдармандарын 27 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Аманат» партиясы ғимаратының концерт залында өтетін мерекелік кешке шақырады.

Кешті Айдар Торыбаев дирижёрлік етсе, сахна төрінде жүргізуші ретінде Людмила Гольская шығады.

Алдағы маусым оркестр үшін ауқымды жобаларға толы болмақ. 17 қазанда музыканттар Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге елдерден жиналатын ұжымдармен бірге халықаралық «Әуенді Сарыарқа» фестивалінде өнер көрсетеді. Ал 20 қазанда қарағандылық оркестр Мәскеуде ВДНХ кешеніндегі Қазақстан павильонында концерт береді.

– Бізді шетелдік гастрольдер де күтіп тұр. Қазір ол бағыттағы келіссөздер әртүрлі деңгейде жүргізілуде, – деді Қарағанды филармониясының директоры Талғат Ыдырысов. – Қарағанды симфониялық оркестрі жаңа маусымның шымылдығын түрмек.