BANNER

Ақмола облысында ер адам түрмеге түсіп, тегін өмір сүру үшін қылмыс жасаған

Фото: google

Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Ол 2019 және 2023 жылдары теракт туралы жалған қоңырау шалғаны үшін екі рет сотталған.

Бұл жолы да ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана автовокзалына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген. Тексеріс нәтижесінде қоңыраудың жалған екені анықталды. 

Сотта күдікті бұл әрекетті баспанасы болмағандықтан түрмеге түсіп, тегін тамақ, киім секілді қажеттіліктерге қол жеткізу үшін жасағанын мойындады.

Сот ер адамның бұған дейін де істі болғанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.