BANNER

Қазақстанда алғаш рет жария зекет жасалмақ

Фото авторы: Қасымхан

Қазақстанда алғаш рет мал басына жасалатын жария парыз зекеті үлгісінде Қайрат Советұлы Көпбаев ағамыз 3 тонна етті жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйлері мен қарттар үйіне табыстамақ. 

Бұл игі іс Қайратпен 50 қадам 100 мектеп жобасы аясында жүзеге асады. Жобаның авторы және үйлестірушісі - Қайсар Аманкелдіұлы Сейпішов. 
12 қазан күні Жаңаарқада продюсер Қайсар Аманкелдіұлының бастауымен үлкен рекордтық жоба өтеді.
Шара аясында 500 табақ ет әзірленіп, қайырымдылық мақсатында елге үлестіріледі.Бұл бастама – қайырымдылық пен имандылықтың, ауыл бірлігі мен рухани жаңғырудың нақты көрінісі.

Сондай-ақ, осы «Қайратпен 50 қадам, 100 мектеп» жобасы аясында Жаңаарқа тігіншілерінің қолынан шыққан  500 шапан үлестіріліп, қарттар үйіндегі және басқа да ардақты қариялардың иығына  жабылады.

Бұл – ауылдың атынан жасалған үлкен құрмет пен алғыс белгісі.
Жобаның жетекшісі Қайсар Аманкелдіұлының бастамасымен ұйымдастырылған бұл игі шара – ұлттық дәстүрді жаңғыртып, қарттарға құрмет көрсетудің тамаша үлгісі болары һақ!