BANNER

"Қайрат" – "Реал" матчына билет алып, кіре алмағандар ақшасын қайтара алады

Фото: google

Freedom SuperApp қосымшасы, Ticketon.kz сайты және Qairat SuperApp мобильді қосымшасы арқылы алынған билеттердің ақысы қайтарылады,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Клиенттер ол үшін қолдау қызметіне жүгініп, барып немесе қоңырау шалуы тиіс. Сосын ғана төлем картасын тексертіп, ЖСН-ды көрсетеді.