Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Жиын барысында мемлекеттік қызметтің ерекшелігі, жастарға арналған мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі (GPA көрсеткіші 3.33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған түлектер) мен кәсіби дамуға арналған бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет ашықтығының маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпақты ел игілігі жолында еңбек етуге шақырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметте мансап құру жолдары мен жастарға арналған жобалар туралы пайдалы мәлімет алды. Кездесу соңында Жандос Сәрсен жастарға үздіксіз білім алып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, қоғам өміріне белсенді араласуға кеңес берді.
Болашақ мамандарға бағыт: Мемлекеттік қызметтегі жаңа мүмкіндіктер
Сурет: МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті
