BANNER

“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы маңызды ойын алдында Миланға аттанды

Фото: Life09

Алматылық “Қайрат” футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік штабы Чемпиондар лигасының төртінші турында өтетін маңызды матч алдында Милан қаласына жолға шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

5 қазан күні “Қайрат” Миланда жергілікті “Интерге” қарсы матч өткізеді.

Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде футболшылардың сапарға аттанып, ұшаққа мінген сәтінен фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланды.

“Интермен” өтетін бұл ойын “Қайрат” үшін топтық кезеңдегі шешуші матчтардың бірі болмақ. Егер алматылық команда жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалады. Айта кетейік, алғашқы үш турдың қорытындысы бойынша "Қайрат" бір ұпай еншілеген. Бұған дейін команда "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен еді.