BANNER

Тез ашуланудың себептері: Психолог не дейді 

Фото: ЖИ «Gemini»

Әлемдік сарапшылардың пайымдауынша қазір адамдар ашуға, агрессияға бейім. Бұл отбасылық жанжалға, жұмыстағы кикілжіңге жиі әкеліп соғатын эмоция түрі.  Осы тақырып төңірегінде тілшіміз Психолог маманның пікірін біліп көрді. 

Тез ашулану — адамның мінез ерекшелігі ғана емес, көбінесе ішкі күйзеліс пен эмоционалды шаршауының белгісі. 

Психолог Дана  Сағындықованың айтуынша бұл күйзелістен және гормондық бұзылыстардан болуы мүмкін. 

«Ұйқының жетіспеушілігі, үздіксіз жұмыс немесе оқу, демалуға уақыт таппау — жүйке жүйесін әлсіретіп, адамды тез ашуланшақ етеді. Ішкі уайым мен шешілмеген мәселелер де адамды ашушаң етуі мүмкін. Кейде адам өз ренішін, өкпесін немесе қорқынышын сыртқа шығармаса, ол іште жиналып, ашу түрінде көрінеді», - дейді психолог маман.    

.

Фото: ЖИ

Ашу — табиғи эмоция. Мұнымен тек адамның өзі күресе алады деп санайды психолог Дана Қайратқызы. 

«Өзін-өзі тыңдамау және шамадан тыс жауапкершілік. Барлығын бақылауда ұстағысы келетін, “бәрін өзім істеуім керек” дейтін адамдар жиі ашуланады. Гормоналды немесе физиологиялық өзгерістер де әсер етеді. Кей жағдайларда ашушаңдық ағзадағы гормоналды теңгерімсіздікпен де байланысты болуы мүмкін», - дейді психолог Дана Сағындықова.

Психолог кеңесі: Табиғи эмоцияны басқарып үйрену керек. Мен ашушаңмын деп емес, мұнымен қалай күресем деп ойлау маңызды. Эмоцияны баспауға тырысыңыз. «Мен неге ашуландым», «Қай жерде мен эмоцияға берілетіндей жағдай болды» деген сұрақтар өз-өзіңізбен диалог орнатуға көмектеседі.

 

Автор: Ақсая Маратқызы