2025 жылғы 15 қарашада «Аманат» спорт кешенінде өткен ашылу — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, QOFA және ҚӘФЛ өңірлік филиалы арасындағы үшжақты меморандумнан кейінгі алғашқы ресми іс-шара.
Меморандум лиганың дамуына серпін беріп, командалар санын 159-ға, жас футболшылар санын 3000-ға жеткізді. Аптасына 76 матч өтеді. Лига 7×7, 6×6 және 5×5 форматтарында, U7–U16 жас санаттары бойынша төрт алаңда ұйымдастырылады.
Маусымның алғашқы ойынында «Шахтёр U10» — «Скаут U10» матчы 1:1 есебімен аяқталды.
Бұрын коммерциялық турнир ретінде өткен BFL енді ресми облыстық біріншілік мәртебесіне ие болды: нәтижелер бірыңғай базаға енгізіледі, спорттық разрядтар беріледі, электронды протокол, цифрлық қосымша, толық медиа-қамтамасыз ету және бірыңғай ұйымдастыру жүйесі енгізілді.
Ұйымдастырушылар лиганың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қарағанды облысында Freedom Balalar Futbol Ligasy (Freedom BFL) қысқы маусымы басталды
Фото: FBFL
