BANNER

Маңғыстау облысында ер адам полицияның көз алдында өзін өртеп жібермек болды

Фото: Life09

Маңғыстау облысында ер адам полиция қызметкерлерінің көзінше өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның өзін өртеп жібермек болған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Патрульдік полиция қызметкерлері тас жол бойында қозғалыс ережесін бұзған жүргізушінің көлігін тоқтатқан. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Біраз уақыттан кейін ол өзі полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетіне келіп, қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдірген. Бақылау-өткізу пунктінде ол үстіне сұйықтық құйып, өзін өртемек болды.

Полиция қызметкерлері оның әрекетінің алдын алып, ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.

“Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр”, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.