BANNER

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Фото: ИИ Canva

VADA ұйымы орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестінен тыйым салынған мельдоний затын анықтаған. Дәл осы себепті Жәнібек пен кубалық Эрисланди Лара арасындағы чемпиондық жекпе-жек ресми түрде өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мәліметті бокс саласының бас инсайдері, журналист Дэн Рафаэль мәлімдеді.

“Маған Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінің көшірмесін алуға мүмкіндік туды. Орта салмақтың біріккен чемпионының қанынаны мельдоний табылған. Осыған байланысты оның Лараға қарсы сенбіге жоспарланған жекпе-жегі өтпейді. PBC қазір Лараға жаңа қарсылас іздеуде. Бұл тест жайлы бірінші болып The Ring хабарлаған”, – деп жазды Дэн Рафаэль әлеуметтік желідегі парақшасында.

Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Ол – 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO). 1 наурызда Гонсалес бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті жеңген. Ал, Херд кезінде дәл осы Эрисланди Лараны да ұтқан еді.