BANNER

Дастан Сәтпаев - әлемнің үздік жас футболшыларының қатарында

Фото: Life09

Алматылық “Қайраттың” талантты шабуылшысы Дастан Сәтпаев халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, әлемнің үздік жас ойыншылары тізіміне енді.

Жас ойыншыларға арналған беделді рейтингті қалыптастыратын халықаралық Score 90 платформасы жас санатына қарай бөлінген жаңа тізімін жариялап, онда 2008 жылғы буынның ең мықты 5 футболшысын атады. Осы топ-5 қатарынан Қазақстан атынан жалғыз ойыншы ретінде Дастан Сәтпаев көрінді.

2008 жылғы буынның үздік бес ойыншысы:
 1. Леннарт Карль (Германия, “Бавария”)
 2. Ибраим Мбайе (Сенегал, ПСЖ)
 3. Нгумоа Рио (Англия, “Ливерпуль”)
 4. Хонест Аханор (Италия–Нигерия, “Аталанта”)
 5. Дастан Сәтпаев (Қазақстан, “Қайрат” / “Челси”)

Осы жетістіктен бөлек, Дастанның биылғы маусымдағы ойыны ерекше есте қалды. Ол “Қайрат” сапында “Копенгагенге” қарсы ойында гол соғып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының бірі атанды. Сонымен қатар, ол УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан Қазақстан тарихындағы алғашқы қазақ футболшысы атанды.

Дастан Сәтпаев осылайша бір ай ішінде халықаралық рейтингтен бастап, еурокубок пен ұлттық құрама ойындарына дейін бірнеше тарихи нәтижеге қол жеткізіп, қазақстандық футболдың жаңа символына айналып келеді.

Автор: Жан Тілеуқұлұлы