BANNER

Приозерск қаласында еңбек ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 1 шілдеде Приозерск қаласында «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлық – жеке тұлға, қоғам және мемлекет қауіпсіздігіне қатер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға жалпы 40 адам қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және адалдыққа негізделген корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында «Ер – Тай Приозерск байыту фабрикасы» ЖШС ұжымында аталған тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіби қызмет барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру болды.
Ерекше назар қызметкерлердің этикалық стандарттарды сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және ықтимал сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы дер кезінде хабарлау жөніндегі міндеттеріне аударылды.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі