BANNER

Түркістан облысында жүргізуші шыршаны құлатып кетті

Фото: Life09

Түркістан облысында көлік жүргузішісі орталық алаңада тұрған шыршаны құлатып кетті. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға шамамен түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

“Сарыағаш аудандық полиция басқармасына белгісіз автокөліктің басты жаңа жылдық шыршаны зақымдап, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы ақпарат түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының шағын орталығындағы бейнебақылау камералардағы жазбаларды тексерді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Нәтижесінде ВАЗ-2105 маркалы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Жүргізуші шыршаны айналып өтпек болған, алайда көлікті басқара алмай, шыршаны қағып кеткен.

Оқиғадан кейін жүргізуші зақымданған шыршаны қалпына келтіріп, алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермейтінін уәде етті. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.