BANNER

Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаның 182 мың доллар криптоактивіне тыйым салынды

Фото: Life09

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қамза Қайсар халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Халықаралыық іздеу жарияланған блогерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді. 

“Күдікті 5 жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде, “qais_arr” атауымен (2,4 миллион жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram-дағы “Қора энтертейнмэнт” жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған. Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін “Pinco” сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен”, – деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қайсар Қамза. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған “Pinco” интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп келген. Сот санкциясымен оның 182 736,741 USDT (182 мың доллар) көлеміндегі криптоактивтеріне тыйым салынды.