Орталық базар аумағындағы зергерлік шеберханалардың бірінде жұмыс істеген зергерге қатысты тұрғындардан бірнеше арыз түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында зергердің клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеу немесе әшекей жасап беруге қабылдап алып, кейін оларды ломбардқа өткізіп отырғаны белгілі болды. Түскен қаржыны өз қажетіне жаратқан.
Қазіргі уақытта оның кемінде 20 алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталып отыр. Жалпы келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады.
Аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алаяқтыққа қатысы бар ақтөбелік зергер ұсталды
Фото: Life09
