Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартып, әлемнің үшінші ракеткасы атанды.
Australian Open турниріндегі тарихи жеңісінен кейін Рыбакина бесінші сатыдан бірден үшінші орынға көтерілді. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Аустралия ашық чемпионатындағы жеңісі үшін Елена 2 миллион 793 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде қорының иегері атанды. Ұлттық валютаға шаққанда бұл сома шамамен 1 миллиард 407 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, ол өз еншісіне 2000 рейтингтік ұпай қосты.
Айта кетейік, Australian Open турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенконы сенімді түрде жеңіп, чемпион атанды.
Бұл жеңіс қазақстандық теннистің әлемдік аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Елена Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы
Фото: Australian Open
