Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлаған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Malim.kz-ке сілтеме жасап. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот шешімі бойынша ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья Алтынбек Сабыровтың айтуынша, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, ал зейнет жасы ескерілген болмаса, заң бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған еді.
Қылмыс 2025 жылдың 13 қазанында орын алған. 9-сынып оқушысының сабақ үстінде толғағы басталып, босанған кезде жағдай белгілі болды. Күдікті – қыздың әжесімен бірге тұратын ер адам – зорлау және жас баланы азғындыққа тарту баптары бойынша айыпталды.
Сонымен қатар, жергілікті дәрігерлердің әрекетіне қатысты сұрақтар туындады: қыз жүктілік кезінде үш рет медициналық мекемеге барғанымен, мамандар оның жүкті екенін уақытында анықтай алмады. Қазіргі таңда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысында мектеп оқушысын зорлаған зейнеткер 21 жылға сотталды
Фото: Gemini ИИ
