BANNER

Қазақстанда 25 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған “Asar Baspana” қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Фото: Gemini ИИ

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қаржылық схемаға 90 мыңнан астам адам тартылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Қаржылық пирамиданың қызметі 2023–2025 жылдар аралығында ел аумағында тұтыну кооперативі ретінде бүркемеленіп жүргізілген.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, салымшылардан жиналған қаражаттың басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің бақылауындағы шоттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Сонымен қатар, қаржы қозғалысына қатысты есеп әдейі жүргізілмеген, бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалғаны атап өтіледі.

Қазіргі таңда қаржылық пирамиданың қызметіне қатысты тергеу толық аяқталып, қылмыстық іс сот қарауына жолданды.