BANNER

Жаңа Конституция: болашаққа бағытталған басымдықтар

Фото: Life09

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы елдің даму бағдарын айқындайтын стратегиялық құжат ретінде ұсынылды. Құжатта білім, ғылым және инновация мемлекеттің негізгі тірегі ретінде белгіленген.

Жаңа редакцияда адам капиталына ерекше мән беріледі. Ел табысы табиғи ресурстарға ғана емес, азаматтардың біліміне, кәсіби шеберлігі мен жетістіктеріне тікелей байланысты екені нақты көрсетілген.

Сонымен қатар, зияткерлік меншікті қорғау күшейтіледі. Өнертабыстар мен авторлық құқықты сақтау тетіктері жетілдіріліп, шығармашылық пен ғылыми ізденіске қолайлы орта қалыптастыру көзделеді.

Цифрландыру да мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады. Инновациялық даму, заманауи технологияларды енгізу және цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау – жаңа Конституцияның маңызды бағыттарының бірі.

Жалпы, құжат Болашақ Қазақстанды білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге негізделген мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат етеді.