BANNER

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: екі адам ауруханаға түсті

Фото: Life09


Қарағанды қаласында бүгін таңертең жедел жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, арнайы қызмет көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көлікте болған екі жолаушы зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Кейін екеуі де ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.