BANNER

Жамбыл облысында әскери горнизонда сарбазға күш қолданып жағын сындырған

Фото: ЖИ Canva

Жамбыл облысындағы Гвардей гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбазға күш қолданылып, ол жақ сүйегі сынып, ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, Әскери полиция Гвардей гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметке сәйкес, сарбазға күш көрсетілген. Соның салдарынан оның жақ сүйегі сынған.

Сарбаз қазір Алматы әскери-клиникалық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Әскери полицияның бас басқармасы мәліметінше, іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жарғылық емес қарым-қатынас дерегі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде хабар бермеген және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары да тексеріледі.

Тексеру кезеңінде бірнеше лауазымды тұлға қызметінен уақытша шеттетілді.

Ведомство өкілдері тергеу нәтижесінде кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын айтты. Жағдай Қарулы күштер басшылығының бақылауында. Қосымша ақпарат әзірге жария етілген жоқ.