BANNER

Түркістанда бүйрегін сатпақ болған ер адам ұсталды

Фото: Gemini ИИ

Түркістан қаласының тұрғыны бүйрегін 13 миллион теңгеге сатуға келісіп, мессенджер арқылы сатып алушы іздеген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Келісім бойынша 5 миллион теңгені қолма-қол алу сәтінде ол құқық қорғау органдарына ұсталды.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Нәтижесінде сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады.