BANNER

Ақтөбеде рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Фото: Life09

Өткен жылы Qarakesek лақап есімімен танымал рэпер есірткіге мас күйде көлік басқарып ұсталған еді.

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тінту кезінде синтетикалық есірткі салынған зип-пакет тәркіленді.

Сот оны психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.

Оған 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, емге жіберілді.