Тараз қаласында автобус аялдамасында болған оқиғада Нүркен Омаров жасөспірім қызды белгісіз екі адамның алып кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер қызды көлікке отырғызуға тырысқан, алайда ер адамның жедел әрекетінің арқасында ойлары іске аспай қалды.
Оқиғадан кейін күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ерлік танытқан азамат арнайы марапатқа ие болды.
