Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубы мен елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты.
Іс-шарада көлемі 12×24 метр болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жайылды.
Сонымен қатар азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар байрақ ашылды.
Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.
Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрмет көрсетті.
