BANNER

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Фото: Life09

Щучинск қаласында жарылыстан қаза болғандардың отбасына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов хабарлады.

Әкімнің сөзінше, дәмханадағы жарылыстан 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алды. Сондай-ақ марқұмдардың туыстарын орналастыру және тасымалдау бойынша көмек көрсетіледі.