BANNER

Тараздық әйел алтындарын сатып жіберіп, ұрланғанын хабарлаған

Фото: Life09

Полицияға әйел өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған.

Бұл туралы sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан, қолдарын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен.

Тәртіп сақшылары тексеріс барысында ешқандай шабуыл болмағанын анықтады.

Әйел күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған.

Ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.