Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Фото:

Бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613;

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12%;

Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ы;

Референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;

Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.