Қарағанды облысының ұлттық парктері материалдық-техникалық базасын нығайтуда

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан алынды

Қарағанды облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жалғасуда. Осылайша, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жаңа өртке қарсы және арнайы техникамен толықты.

Парк қарамағына барлығы 14 техника бірлігі берілді — толық жетекті жеті HOWO өрт сөндіру көлігі мен жеті JAC T6 автокөлігі, сондай-ақ арнайы жабдықтар мен қызметтік киімдер жеткізілді.

Өткен жылы парк қажеттілігі үшін «Беларус-922» және «Беларус-1222.3» маркалы алты трактор сатып алынған болатын.

— Автопаркті жаңарту төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін едәуір арттырып, табиғи өрттердің алдын алу және оларды сөндіру шараларын күшейтуге, сондай-ақ аумақты қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ІПКжТҚБ бөлімінің қорғау инженері Сатыбалды Нұрлыөмір.

Жаңа техниканың келуі өңірдің экологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайта түседі деп күтілуде.

Айта кетейік, биыл наурыз айында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті.