Қазақстан мектептерінде Жаңа Конституцияны түсіндіретін арнайы сабақтар енгізілді

Фото: Life09

Сабақтар бірыңғай «Адал Азамат» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірінде бір уақытта өткізілді. 11-сынып оқушыларына арналған сабақ тақырыбы – «Білім беру мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы ретінде: Жаңа Конституцияның басымдықтары».

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, негізгі мақсат – оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, Конституция нормаларын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сабақ барысында оқушылар негізгі қағидалармен танысып, заңға құрмет пен құқықтық мәдениетке ерекше мән берілді.