Оқушылар қайтадан мазмұндама мен диктант жазады

Фото: ЖИ ChatGPT

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Енді оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады. Сонымен қатар, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп», ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәндері енгізіледі.

Сондай-ақ 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан оқытылады.