Акция барысында тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңестер ұсынды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын жағдайларда дұрыс шешім табуға көмектесу. Келушілер өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты бағыт-бағдар алып, қажетті ақпаратқа қол жеткізді.
Мұндай акциялар тұрғындар үшін өте пайдалы әрі маңызды.