Теміртау қаласындағы мансап орталығы жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Енді орталық қоғамдық көлік аялдамаларына жақын орналасқан, заманауи әрі кең екі қабатты ғимаратта қызмет көрсетеді. Мұнда келушілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалған.

Орталықта жұмыспен қамту мәселелері бойынша кешенді қолдау алуға болады. Мамандар кеңес беріп, жұмысқа орналасудан бастап қысқа мерзімді оқуға, өз ісін ашуға арналған мемлекеттік гранттарға, атаулы әлеуметтік көмекке және уақытша жұмысқа дейінгі мүмкіндіктерді таңдауға көмектеседі.

Келушілердің ыңғайы үшін жұмыс берушілермен кездесуге арналған жеке зал қарастырылған.

Мансап орталығының мекенжайы: Чернышевский көшесі, 111.
Жақын маңда «Берёзка» және «Аян Пассаж» аялдамалары орналасқан.

Байланыс телефондары: 8-700-530-31-12, (8-7213) 303-112.
Call-орталық: 60-50/50.
Қосымша ақпаратты Instagram желісіндегі парақшалардан алуға болады: @emo_qaragandy_obl және @temirtau_mansap_ortalygy.