Жанабыловтарға сот үкімі шықты

Фото: Инстаграм парақшасынан

Жанабылов 2 жылға шартты түрде сотталып, пробациялық бақылауға алынды және мүлкі тәркіленеді.

Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылды, алайда жазаны өтеу 2028 жылға дейін кейінге қалдырылды.

Сотта тараптар процессуалдық келісімге келгені ескерілді. Айыпталушылар курстарды сатудан түскен 247 млн теңгені толық өтеген. Бұған дейін прокурор оларға 4 жыл жаза сұраған еді.

Тергеу дерегінше, блогерлер жүлделерді өздері қаржыландырғандай көрсетіп, іс жүзінде қаражатты қатысушылардан жинаған.