Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жазатайым оқиға Орлов шахтасында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша тау жыныстарының құлауынан қызметкерлердің бірі көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады KAZ Minerals баспасөз қызметі.
Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Компания зардап шеккен жұмысшыға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Абай облысында шахтада бір жұмысшы көз жұмды
Фото: Life 09