Қарағандыда құтқарушылар әйелге дер кезінде көмек көрсетті

Бейнежазбадан алынған скриншот

Қарағанды қаласы Ержанов көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде әйел адамның есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік құралдардың көмегімен 6-қабаттың балконынан 5-қабаттың балконына түсіп, слесарлық құралдың көмегімен пәтердің ағаш терезесі мен пластикалық балкон есігін зақым келтірмей ашып, кірді. 

Пәтер ішінен еденде жатқан 1964 жылы туған әйел адам табылды. Құтқарушылар есікті іштен ашып, туыстары мен жедел жәрдем қызметкерлерін үйге кіргізді. Алдын ала диагноз бойынша әйелде инсульт белгілері анықталған.

Құтқарылған адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жатқызылды.