Талғарда 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты. Ол ағасымен бірге әкесінің қабіріне барып, құран бағыштап қайтып келе жатқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Марқұмның туыстарының айтуынша, жолда олардың көлігіндегі үш жігітпен сөзге келіспеушілік болған. Жігіт жанжалға бармай, үйіне қайтқан. Алайда әлгі азаматтар соңынан еріп келіп, көліктен шыққан сәтте оны өкпе тұсынан пышақтаған.
Ауыр жарақат алған жігіт ауруханада көз жұмды. Артында бір жасқа енді толған екі қызы қалды.
Полиция үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
Талғарда тағы бір қанды қылмыс: 24 жастағы екі қыздың әкесі пышақталып көз жұмды
Фото: ЖИ