Алматы облысында табысқа байланысты жанжал салдарынан жігіт қаза тапты

Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға жайлы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні Боралдай кентінде болған. Туыстарының айтуынша, Бахром "Эдельвейс" кафесіне жұмысқа барған. Сол жерде жігіт пен досының арасында 70 мың теңге табысқа байланысты жанжал шыққан.

Марқұмның отбасы мәлімдеуінше, 20:18 бен 21:04 аралығында жас жігіт соққыға жығылған. Алдын ала деректер бойынша, күдікті оның басына доғал затпен соққы жасаған. Алдын ала сараптама нәтижесіне сәйкес, зардап шегушінің көкбауыры жарылып, кейін қан аралас құсу болған.

Туыстары жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қан іздері тазаланып, зардап шегушінің киімі ауыстырылған болуы мүмкін екенін айтады. Ал жедел жәрдем тек 21:04-те шақырылған. Кейін Бахром ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.

Алайда екі күдікті жігіт "ол жай ғана құлап кетті" деп отыр.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.